{metadescription}
Даяшылар бетперде тағып, әйнекті қалқанмен жүруге міндеттелді
Даяшылар бетперде тағып, әйнекті қалқанмен жүруге міндеттелді

Даяшылар бетперде тағып, әйнекті қалқанмен жүруге міндеттелді

Елімізде даяшылар бетперде тағып, қорғаныш үшін әйнекті қалқанмен жүруге міндеттелді. Еліміздің бас санитарының мұндай шешіміне рестораторлар қарсы шықты. «Әйнекті қалқан тұрмақ, қарапайым бетпердені үнемі тағып жүру денсаулыққа зиян». - дейді олар. Тіпті көңіл-күйі жоқ даяшыларды тамақтануға келгендер де жақтырмайды екен. Жаңа ереженің қалай жүзеге асатынын және оған үзілді-кесілді қарсылардың пікірін  тілшіміз тыңдап келді.  

Коронавирустың кесірінен тамақтану орындарын жабу бизнесті құрдымға кетірудің сәл-ақ қадамы болды. Артынша жағдайдың ушыққанын түсінген билік карантиндік шараларды жеңілдетіп, кафе, мейрамхана, асхана, бар мен кофе ішетін орындарды ашты. Тек аспан астында тамақтануға рұқсат берілгенін айта кету керек. Бұған көнген қызмет көрсету орындарына еліміздің бас санитарының шешімі жақпай қалды.

Тамақтану орындарындағы даяшылардың бетін тұмшалауы олардың пікірінше – әбестік. Өйткені бұған дейін тек медициналық бетперде тағып жүргендерге әйнекті қалқан кию міндеттелген. Ал рестораторлар бұл өзгеріске қарсы.  

Дастан Дәулет, мейрамхана иесі:

Түрлі келеңсіздіктер болып тұрады. Бірде даяшы тапсырыс алып жатқанда, бетіндегі әйнекті қалқанның бекітпесі қонақтың тамағына түсіп кетті. Әрине, мейман ашуланды, дереу тамағын ауыстырып бердік. Жалпы әйнек қалқанның қолайсыздығына қатысты мысалдар жетіп артылады.  

Пандемияға байланысты біресе ашылып, біресе жабылып жатқан тамақтану орындары Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығын орындамасқа амалы жоқ. Алайда бетпердені үнемі тағу денсаулыққа зиян екенін «шенеуніктер біле ме?» деп күмәнданады. Бір жағынан, бетперде мен әйнекті қалқаннан терлеп-тепшитін даяшылар түрлі жағдайға тап болуы мүмкін.

Нұрғали  Исаев, мейрамхана басшысы:

- Өте ыңғайсыз. Әріптестерім мейрамхана ішінде жұмыс істегенде әйнекті қалқан терлеп, кедергі келтіреді. Әйнегі терлеген соң, көру мүмкін болмайды. Даяшылар соның салдарынан ыстық тамақты төгіп алып, түрлі кикілжің болады. Бұл мейрамхананың абыройына нұқсан келтіреді.

Кәсіпкерлерді Қазақстанның рестораторлар қауымдастығы да қолдап отыр.

Гүлнар Қатыбаева, ҚР Рестораторлар қауымдастығының президенті:

- Меніңше, әйнекті қалқандар коронавирустан еш қорғай алмайды. Қауіпті вирустан қолапайсыз құрал қалай сақтайды? Нақты дәлелденген түсініктемесі де жоқ. 

Денсаулық сақтау министрлігі бас санитардың қаулысы уақытында күшіне енген құжат деп санайды. Ол қауіпті індеттің келесі толқынынан қалай да болғанда қорғануға мүмкіндік береді екен. Ал рестораторлар ережені көбінің елемейтініне қапалы.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Мемлекеттік бас санитар қаулысына сәйкес, 26 маусымнан бастап кез келген қоғамға қызмет көрсету ортасында жүрген жұмыскерлер міндетті түрде бетперде, қолына қолғап киюі керек. Және бетті қорғайтын экранды қолдануы керек. Ол даяшыларға қатысты. 

Міндеттелген талапты елеп-ескермейтіндерге айыппұл салынады. Кәсіпкерлерге ол қомақты – 600 мыңнан астам теңге. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде