{metadescription}
Жаңа оқу жылына арналған санитарлық талаптар
Жаңа оқу жылына арналған санитарлық талаптар

Жаңа оқу жылына арналған санитарлық талаптар

Оқушылардың арасында covid-19 анықталса, сыныпты толығымен карантинге жібереді. Ал мектептер штаттық режимге көшкен күннің өзінде, әр ата-ана баласын қашықтан оқытуға құқылы. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа оқу жылына қатысты осындай санитарлық талаптарды жариялады.

Санитарлық ережеге сәйкес, 2021 жылдың қаңтарына дейін мектептерде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырып, спорттық додалар өткізуге тыйым салынған. Егер сырқаттардың қатары тұрақты түрде кеми берсе, оқу аралас форматқа ұласады. Әуелі 1-4 сыныптағылар оқи бастамақ. Оның өзінде ата-анасы онлайн оқытуды жалғастырғысы келсе, құқы өзінде. Оған арнайы арыз жазады. Ал сыныптағылардың біреуі вирус жұқтырса, толығымен карантинге жіберіледі. Бір онлайн сабақтың ұзақтығы әр сынып үшін әр түрлі. Мектепалды және 1-сынып оқушыларына 15 минуттан аспауы тиіс. Екінші-үшінші сыныптарда 20 минуттан, төртінші-бесінші сыныптарда 25 минут көлемінде болуы керек. 9-11 сыныпта 30 минуттан аспауы міндетті.

Жасы 65-тен асқан және қауіп тобындағы педагогтарға оқушыларды оффлайн қалыпта оқытуға құқығы жоқ. Ата-аналар санитарлық талаптарға қатысты толық мәліметпен Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан таныса алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде