Түркістан облысына барған Тоқаев ризалығын білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Оңтүстікке жете сала, сапарын Сардоба су қоймасындағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан жаңа ықшамауданның құрылысымен танысты.
Автор: Бек Әбиев
20.08.2020
Мырзакент ауылында 4 мыңға жуық адам баспанасыз қалған болатын. Қазір мұнда 500 үй салынып жатыр. Президент құрылысты өз көзімен көрді. Өргебас пен Фирдауси ауылдарындағы қалпына келтіру жұмыстарына да көңілі толған Тоқаев, ары қарай сапарын былтыр жарылыстан бүлінген Арыс қаласында жалғастырды. Мұнда да жермен-жексен болған әскери бөлім, теміржол вокзалы мен әлі де ондаған үйді қалпына келтіру жалғасып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:
- Бұл қазақстандық жаппай құрылыс болды десек, артық болмайды. Себебі, шын мәнінде әр аймақтан әр өңірден Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген адамдар келіп, мамандар келіп, ерікті, демеушілер, былай айтқанда бүкіл қаланы қалпына келтірді. Соларға үлкен рақмет! Ризашылығымды айтқым келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!