{metadescription}
КВИ: Аурудан айыққандар 87 мыңға жуықтады
КВИ: Аурудан айыққандар 87 мыңға жуықтады

КВИ: Аурудан айыққандар 87 мыңға жуықтады

Елімізде қауіпті кеселден жазылып шыққан жандардың саны арта түсті. Короновирусты соңғы тәулікте 200-ден астам адам жеңіп шығып, аурудан айыққандар республика бойынша 87 мың адамға жуықтады.

Бір қуантарлығы, сүреңсіз статистикада көш бастап жүрген Алматыда жұқпалы дертпен арпалысқан 25 науқастың жағдайы жақсарған. Нұр-Сұлтан қаласында да Covid-19-дан құлан таза айыққандардың саны күн сайын көбейіп жатыр. Елордада бір түннің ішінде індеттің ілмегіне іліккен 20-ға жуық адам ауруханадан шығыпты. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында да провизорлық орталықтар босаған. Қазір қосымша стационар ретінде ашылған медициналық мекемелер бұрынғы тіршілігіне оралып жатыр.

Елімізде осы уақытқа дейін КВИ мен коронавирустық пневмонияға шалдықандар саны 103 мыңнан асқан. Ал екі өкпесі қабынып, содан ажал құшқандар саны - 1415.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде