{metadescription}
Навальныйдың ағзасынан химиялық зат табылған
Навальныйдың ағзасынан химиялық зат табылған

Навальныйдың ағзасынан химиялық зат табылған

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың ағзасынан химиялық зат табылған. Бұл туралы Омбы полициясының мамандары мәлімдеді. Бұған дейін жемқорлықпен күрес қорындағылар да саясаткердің ағзасынан өмірге қауіпті сұйықтық анықталғанын хабарлаған еді. Қор директоры Иван Ждановтың айтуынша, қауіпті сұйықтық Навальныйдың өзінен бөлек, айналасындағыларға кесірін тигізуі мүмкін.

Нақты қандай сұйықтық екені туралы әзір құзырлы органдар тіс жармай отыр. Ал Омбыда Александр Навальный жатқан аурухананың бас дәрігері бұл ақпаратты растамады. Оның айтуынша, науқастың жағдайы кешегіге қарағанда жақсарған.

Күні кеше Томбыдан Мәскеуге бет алған ұшақ шұғыл Омбыға қонуға мәжбүр болды. Оған себеп, Ресейдегі белсенді оппозиционер Алексей Навальный уланып, комаға түсті. Мәселенің мән-жайы әлі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде