{metadescription}
Жарық тұрғындары күкірт қышқылы қоймасының ашылуына қарсы  
Жарық тұрғындары күкірт қышқылы қоймасының ашылуына қарсы  

Жарық тұрғындары күкірт қышқылы қоймасының ашылуына қарсы  

Қарағанды облысындағы Жарық кентінің тұрғындары өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып дабыл қақты. Елдімекенде күкірт қышқылын тасымалдауға арналған қойма ашу жоспарланып отыр. Ауылдағы ағайын химиялық заттың экология мен адам ағзасына кері әсер ететініне бек сенімді. Сондықтан бұл жобаны жұрттың мақұлдауын күткен компания өкілдеріне ауыл жұрты қарсы шығып, өре түрегелді.

Жарық кентінде күкірт қышқылының қоймасын ашылатынын білген жұрттан маза кеткен. Олардың айтуынша, онсыз да кәрі-құртаңы мен ауру-сырқауы көп азғантай жұрттың мазасын алудың қажеті жоқ.

Айнагүл Түсіпбекова Жарық кентінің тұрғыны:

Халықтың тыныс органына, оның үстіне қазір пандемияның өзі өкпеден басталып жатыр емес пе?! Міне сондықтан жұрт қарсы. Біздің ауылымызда аурулар көп. Обырмен, тыныс жолы ауыратындар, қан аурулары. Тіпті кішкентай балапандарымызға дейін ауырып жатыр. Сондықтан одан сайын ауруларды көбейткіміз келмейді.

Шынымен де аталмыш аудандағы қос бірдей ауылда дәл осындай қойма салынбақ болған. Бірақ бұған ондағы жұрт қарсылық танытыпты. Ал бұл жобаның ауданда іске асырылып жатқаны тектен-тек емес. Қойма теміржолдың тұйықталған жерінде орналасуы тиіс. Осы жерге дейін пойызбен жететін күкірт қышқылы ары қарай көлік цистерналарына құйылады екен. Бірақ мұны жұрттың тыңдағысы жоқ.

Бағлан Шәкенова Жарық кентінің тұрғыны:

Темір жолдың түбінде тұрмыз. Экология онсыз да құрыған. Бізде неше түрлі у өтеді. Елімізде бұл жабылмайды. Өзім өңешімнен ауыратын адаммын. Енді мынау күкірт келсе, тіпті тұншығуым керек. Газға қарсы тұмшамен жүруім керек пе? Бала-шағаны былай қойғанда, жер не болады? Адамдарды айтпағанда, жерді айтыңыздаршы, жер не болады?!

Кәсіпкерлер осы жобаға мұндағы мұнай қоймасын сатып алып қойған. Ол дәл ауыл ішінде. Кейбір тұрғындардың баспанасы тап сол тұста орналасқан.

Тұрғындардың наразылығын тудырған күкірт сақтайтын жер. Егер компанияның жоспарлаған ойы іске асатын болса, цистерналар дәл осы  жерге орналасады. Оған  темір жолмен келетін вагондардан күкірт қышқылы құйылады. Әзірге бұл жоба ғана. Өйткені ол қатаң сараптамадан өткізілуі тиіс.

Ал құрылыс басталуы үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік комиссияның рұқсаты керек. Мамандар қазірдің өзінде «ешқандай қауіп болмайды» деп сендіріп отыр.  «Жоба жан-жақты зерттелгендіктен, алаңдауға еш себеп жоқ», - дейді олар.

Тілеуғали Торайғыров «ИдеалХим» ЖШС инженері:

- Ураны бола ма, күкірт қышқылы бола ма, оның өзінің сақтау шарттары бар. Егер де оны бұзатын болсам, техногендік апат болады. Бірақ оның барлығы үкіметтен әр миллилитріне біз жауап береміз. Жаңа кісілер айтып отыр ғой. Әр тамшыға есеп береміз. Ол былайша айтқанда қылмыстық жауапкершілік. Оның арнайы қоймалары болады. Соны аламыз. 

Экологтардыңайтуынша, күкірт қышқылы – маңызды қосылыстардың бірі. Жетіспей қалған бұл химилық заттың әр литріне қойма қызметкерлері жеке басымен жауап береді. Ал жоба жыл соңына дейін іске қосылған жағдайда, кәсіпкерлер қыруар салық төлеп, 100-ге тарта жұмыс орнын ашамыз деп отыр. Енді осының барлығын түсіндіру үшін жобаға түбегейлі қарсы ауыл тұрғындарына кезекті қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.