{metadescription}
12 жасар қызды зорлаған еркекке қатысты сот шешімі қоғамды дүр сілкіндірді
12 жасар қызды зорлаған еркекке қатысты сот шешімі қоғамды дүр сілкіндірді

12 жасар қызды зорлаған еркекке қатысты сот шешімі қоғамды дүр сілкіндірді

Оралда 12 жастағы қызды зорлаған азғынға екі жарым жыл бостандығын шектеу жазасы кесілді. Алқа билерінің жасырын дауыс беру арқылы шығарған шешімі дүйім жүрт пен түрлі қоғамдық бірлестік мүшелерін де дүрліктіріп жатыр.

Әзиза Шүжеева Қазақстан әйелдер күші» альянсы төрағасының орынбасары:

- Біз сол шешімді қабылдаған алқа билерді көргіміз келеді. Ол алқа билер құрамын кім жасақтаған? Олардың құқық саласынан хабары бар ма? «Қыз жыныстық қатынасқа өз келісімін берді» депті. Ол кәмелетке толмаған 12 жастағы бала! Мүндай жеңілдік жасаудың арты онсыз да қаптап кеткен педофилдерге еркіндік береді. Істің қайта қаралуын талап етеміз.

21 жастағы күдікті Анатолий Марченко қылмысын толық мойындаған. Алайда жыныстық қатынасқа 12 жастағы қыз «келісімін берді» деп ақталыпты. Оның сөзіне алқа билері де имандай сенгенге ұқсайды. Өзара ақылдаса келіп, бала келісімін берген болса, дап-дардай еркектің кінәсі аса жоқ деп тапқан. Сондықтан 2 жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасын ғана беріпті. Дегенмен қоғам белсенділері мұның шектен шыққан дүние екенін айтып, Жоғарғы сотқа дейін арыз-шағым жаудырып жатыр. Ал шешімді бекіткен судья алқа билерінің айтқанынан шығуға «құзыретім жоқ» деп ақталады.

Шара Зайнуллина, судья: 

- Судья алқа билерінің шешіміне ықпал жасай алмайды. Алқа билері  бас бостандығынан айыруға «негіз жоқ» деп сотталушыға бас бостандығынан айырмау жазасын тағайындауды әділетті деп санады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде