{metadescription}
Әйелін балталаған Матқұловқа сот үкімі шықты
Әйелін балталаған Матқұловқа сот үкімі шықты

Әйелін балталаған Матқұловқа сот үкімі шықты

Әйелін балталағаны үшін 11 жыл 3 ай абақтыда отыруы тиіс. Сот бүгін Түркістан облысындағы озбыр отағасына осындай жаза кесті. 51 жастағы Тоғанмұрат Матқұлов әйелі үйінен кетіп қалғаны үшін осындай әрекетке барыпты.

Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны балтамен қорқытып, әйелін үйіне қайтармақшы болады. Таңертең медбике болып істейтін жұбайын көшеде күтіп алған. Алып келген балтасымен оның басы мен қолынан бірнеше мәрте ұрыпты. Сол маңнан өтіп бара жатқан өзге адам араша түсіп, әйел аман қалды. Дегенмен Әлия Әйтімбетованың бір көзі ағып, қазір мүгедек болып қалған. Енді жұмысқа да жарамайды. Ал қатыгез отағасы жазасын қауіпсіздігі жоғары түрмеде өтеуі тиіс.

Қасым Қалмағанбетов, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан аралық сотының төрағасы:

Соттың өкімімен оған төтенше жағдай кезінде адам өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, ең жоғары жаза11 жыл 3 ай тағайындалды. Оқталған себебі, әйелі екі қызымен үйінен кетіп қалған, сонымен үйге қайтпасаңдар, өлтірем деп, артынан әйелі жұмысқа бара жатқан кезде қуып балталаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.