{metadescription}
Селфи жасаймын деп бетонның астында қалды – Алматы облысы
Селфи жасаймын деп бетонның астында қалды – Алматы облысы

Селфи жасаймын деп бетонның астында қалды – Алматы облысы

Алматы облысында суретке түспек болған екі бозбаланы бетон басып қалды. 14 және 15 жастағы екі оқушы қараусыз қалған ғимараттың ішіне селфи жасауға кірген екен. 

Сұмдық жағдай Алакөл ауданы Бескөл ауылында болды. Оқушылар шамамен кешкі сағат жеті шамасында елдімекеннен бір шақырым жердегі ескі ғимараттың ішіне кірген. Екі қабатты нысанның бірінші қабатында тұрып селфи жасамақ болған. Алайда суретке түскен бетте 14 және 15 жастағы екі бозбаланың үстіне бетон құлаған. Екеуі де сол жерде тіл тартпай кетті. Тағы бір баланың аяғы сынып, ауруханада жатыр. Марқұмдардың денесін қирандының астынан құтқарушылар әзер шығарды. Белгілі болғандай, балаларды басып қалған ғимарат 30 жылдан бері апатты жағдайда тұрған екен.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.