{metadescription}
Қазақстан бала тәрбиесінен әлемде ең төменгі орында
Қазақстан бала тәрбиесінен әлемде ең төменгі орында

Қазақстан бала тәрбиесінен әлемде ең төменгі орында

Бала тәрбиесі жұмысының сапасы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте ең төменгі орындардың бірінде. Осылай деп ашынған премьер-министрдің орынбасары білім беру жүйесіндегі сөз жүзінде ғана шешіліп келе жатқан мәселелерді тізіп берді.

Өңірлерде педагогтар әлі тапшы. 200-ден астам мектеп қирайын деп тұр. Оқулықтардың өңірлерге жеткізілуінен де кілтипан тапқан Ералы Тоғжанов сылбыр жұмыс істеген білім басқармаларының басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары жеке жауапқа тартылатынын ескертті.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Бұл енді негізгі сұрақтардың бірі. Бұл бүгін ғана көтеріліп жатқан жоқ қой. Бұған дейін талай рет айтылған мәселелер. Сондықтан осының бәрін ескеруіміз керек. 2200 мектептің дәретханасы далада. Екі жылға жуық уақыт өтті. Сонда қайда қарап отырмыз ? Білім басқармаларының басшылары да, мектептің басшылары да, кеше облыс әкімінің орынбасарлары осы мәселеге қатысты жауап берді. «Барлығын 1-қыркүйекке дейін шешеміз» деген әңгіме естілді.

Қыркүйекке дейін барлық балабақша мен мектептер бейнебақылау жүйесімен қамтылуы шарт. Сондай-ақ, білім беру жүйесіндегі қордаланған көп сұрақтың шешілуін қамтамасыз ететін республикалық педагогикалық кеңес жасақталмақ. Бүгінгі тамыз кеңесінде педагог мәртебесі де сөз болды. Осы ретте Қазақстандағы педагогтардың құқын қорғайтын арнайы кеңес құрылады. Осының негізінде ұстаздардың қағазбастылықтан арылып, негізінен білім берумен ғана айналысуы назарда болады. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мұғалім күніне 2-ақ құжат толтыруы тиіс. Бұл норма бұзылған жағдайда басшылық тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Аз ғана аралықта 30 дан астам басшы жазасын алып үлгерді, яғни әкімшілік, не тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Педагогтардың құқын бұзған ата-аналар мен баланың заңды өкілдерін де жауапсыз қалдырмаймыз. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады. Қабылданып жатқан шаралар жеткілікті деп айта алмаймын. Сондықтан педагог мәртебесіне қатысты шаруа еш тоқтамайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде