{metadescription}
ШҚО-да ұры-қарылардан тәркіленген қарудың көзін жойды
ШҚО-да ұры-қарылардан тәркіленген қарудың көзін жойды

ШҚО-да ұры-қарылардан тәркіленген қарудың көзін жойды

Шығыс Қазақстанда ұры-қарылардан тәркіленген қарудың көзі жойылды. Арасында біреудің мал атып, етін сатқан барымташылардың да қару-жарағы бар.

50-ден астам мылтық шойын балқыту пешіне тасталды. Бәрі де соңғы үш айда ұсталған қылмыскерлерден тәркіленген. Сотқа дейін айғақ зат ретінде арнайы қару қоймасында сақталыпты. Арасында мал ұрылары мен қарақшылардың да қаруы бар. Сот материалдарына сәйкес, мал ұрылары осы қарумен жайылымдағы ірі-ұқсақ малды атып алып, етке сатуға әкетіп бара жатқан жерінен қолма-қол ұсталған. Ал қарумен бірге тәркіленген 2 мыңнан астам оқ-дәрі мен жарылғыш заттар әскери полигонда жойылды.

Жалпы жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары тәртіп сақшыларына өз еркімен құны 10 миллион теңгеге 170-тен астам қару мен 500 дана оқ-дәрі тапсырыпты.

Сағат Мәдиев, ШҚО Полиция департаменті бастығы:

- 61 қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде танылған қару-жарақ, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар жойылды. Барлығы әртүрлі маркалар мен модельдерден 52 бірлік қару, 2000 данадан астам оқ-дәрілер, 2 макет қол гранатасы, сонымен қатар тізімге аммонал типті жарылғыш зат жойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде