Грузияда жол апатынан 17 турист мерт болды
Грузияда жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Хевсурети шатқалында жүрген құтқарушылармен байланысқа шыққан сол елдегі дипломаттарымыз қайтыс болған 17 туристің ішінде отандастарымыздың болмағанын анықтады.
Автор: Аруна Ортай
24.08.2020
Оқиға кеше кешкісін болды. Ескі қорғандарды тамашалауға Шатили елдімекеніне қарай автобуспен туристер шыққан. Алайда шатқалдың үстімен өте бергенде, жеңіл көлікпен соқтығысып, 80 метр биіктіктен төмен қарай құлдилаған. Мәліметтерге қарағанда, көлікте 20 турист болған. 17-сі – әйел, 3-уі – ер адам. Құздан бастапқыда 12 адамның мәйіті табылды. Тағы тірі қалған 3 турист дереу ауруханаға жеткізілді. Кеш қарая іс-түссіз кеткен тағы 5 адамның өлгені анықталды. Құтқарушылар шашылған денелерді түн ортасында әзер тауып алып, жоғары шығарды.
Туристік орталық Шатилиге алып баратын бұл жол Грузиядағы ең қауіпті тас жол саналады. Орта ғасырлық тас қорғандарды көруге шыққан талай турист осында мерт болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!