Рудныйда бір сәтте 10 көлік жанып кетті
Жолаушылар автобусы отқа оранды. Қостанай облысының Рудный қаласында автопарк өртеніп, бір сәтте бақандай 10 көлік жанып кетті. Төтенше оқиға жұрт шырт ұйқыда жатқан таңғы уақытта болған.
Автор: Мақсат Мәлік
24.08.2020
Қызыл жалын шарпыған аймақ «Рудный автотранс» кәсіпорнына тиесілі. Таң алдында тұтанған өрттен 10 автобустың қаңқасы ғана қалды. Жолаушылар тасымалдайтын тағы екі көлік қатты зақымданған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер әупірімдеп жүріп өзге 12 автобусты қауіпсіз жерге шығарып үлгеріпті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Қазір мамандар тілсіз жаудың себебін анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!