{metadescription}
Алпауыт елдер бас тартқан препаратты Қазақстан сатып алған
Алпауыт елдер бас тартқан препаратты Қазақстан сатып алған

Алпауыт елдер бас тартқан препаратты Қазақстан сатып алған

Қазақстан Соvid-19-ды емдеу хаттамасына енген фавипиравир дәрісін сатып алуды тоқтатты. Науқастың жазбаша келісімімен ғана қолданылатын препараттың залалы жайлы бұған дейін де айтқанбыз. Бұл препаратты министрліктің сапа жөніндегі бірлескен комиссиясы мақұлдағанымен, оған қарсы мүшелері де бар. Ал басым дауыспен бекітіліп кеткен дәріні фармацевтикалық компаниялар ашықтан-ашық саудалаған екен. Тек стационарларда қолданылуы тиіс фавипиравирдің пайдасы бар ма? Зияны қандай?

Мамандардың пікірі...

Фавипиравир дәрісін жапон ғалымдары ойлап тапқан. Бірақ күншығыс елінің өзінде бұл препаратты covid-ке қарсы қолданудан бас тартыпты. Ал біздің елдегі емдеу хаттамасына бұл препарат министрліктің сапа жөніндегі бірлескен комиссиясы мүшелерінің басым көпшілігі құптаған соң еніп кеткен. Алайда фавипиравирдің зардабын айтып жүрген комиссияніы кейбір мүшелері оның мүлдем қолданылмауын талап етіп отыр.  

Шыңғыс Шашкин, ҚР ДСМ Сапа жөніндегі бірлескен комиссиясының мүшесі:

- Фавипиравирдің бір қорабын 295 мың теңгеге сатып жатқан жарнамалар әлеуметтік желілерді кезіп жүр. Бұл препаратты саудалайтын фармацевтикалық компаниялар дерт дендеген шілде айында коронавирустың еміне таптырмайтын ең ұтымды дәрі ретінде жарнамалап, сатқан еді. Дәріхана жағалап, шипа болар препарат іздеген науқастар несиеге де алып жатты

«Фармация» компаниясы фавипиравир дәрісін сатып алуды тоқтатқанын мәлімдеген еді. Осыған дейін жалпы құны 160 миллион теңгеге жуықтайтын 544 мыңнан астам данасы сатып алынған. Денсаулық министрлігі бұл препараттың кері әсерлерін жоққа шығарып отырған жоқ. Министрлік «ескертіп алып, емдейміз» ұстанымында.  

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Бұл препараттың ағзаға кері әсері жайында дәрігер науқасқа алдын ала ескертуге міндетті. Оған қоса, фавипиравидің тек дәрігерлердің қадағалауында стационарларда ғана қолданылатынын ескерткім келеді. Бұған дейін бұл препаратты бірде-бір науқасқа жазбаша келісімінсіз бермедік.

Қазақстанға келген фавипиравир Ресейде өндірілген екен. Ол компанияға 2021 жылдың қаңтарына дейін препараттың тиімділігін дәлелдеуге уақыт берілген. Оған дейін үлгермесе, өндірісі мүлдем тоқтатылады.

Жапония, АҚШ секілді алпауыт елдер тұтынбайтын препаратты 160 миллионға жуық теңгеге алған министрліктің әрекетін түсіну қиын. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалайтын комитет бұл препаратты бір реттік сатып алуды құптаған соң, біздің елде сараптама жүргізілмеген. Ал комитет осы мәселеге қатысты ашық жауап бермеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.