{metadescription}
0:000:00
Қуанышбек Ысқақов сот алдында жауап бере бастады

Қуанышбек Ысқақов сот алдында жауап бере бастады

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов сот алдында жауап бере бастады. Аймақты бір жыл ғана басқарған экс-әкім әдеттегідей ақша жеді емес, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген болатын. Сот коронавирусқа байланысты онлайн режімде өтіп жатыр.

Ардақ Ысмағанбетова, Қызылорда облыстық сотының баспасөз хатшысы:

- 5 тамыз күні Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты қылмыстық іс түскен. Аталған іспен сотталушыларға ҚК 190-бабы, 4-тармағы, 2-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Қазір сот ісі қаралу барысында.

53 жастағы шенеунік алты ай бұрын қамауға алынған. Бірақ атқамінер осы күнге дейін абақтыда емес, үй қамағында отырды. Ысқақовқа аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. Онымен бірге екі орынбасары, ең жақын көмекшісі және тағы бір кәсіпкер тұтқындалды деген ақапарат таралған. Алайда соңғы аталған үш адамға қатысты әзірге ресми дерек жоқ. Ал бейресми мәліметтерге сүйенсек, экс-әкім халықтың Арыс тұрғындарына жинап берген ақшасын жеп қойған. Атап айтқанда, қайырымдылық қордағы 80 миллион теңгені түрлі фирмалар арқылы қалтаға басқан көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде