{metadescription}
Спорт шеберлері мен халықаралық жеңімпаздар грантсыз қалды
Спорт шеберлері мен халықаралық жеңімпаздар грантсыз қалды

Спорт шеберлері мен халықаралық жеңімпаздар грантсыз қалды

Сұраныс көп, грант аз. Алматыдағы Спорт және туризм академиясының басшылығы жас спортшылардың оқуға түсе алмай қалуына білім және ғылым министрлігін кінәлады.

Өйткені биыл аталмыш салаға оқу гранты тым аз бөлініпті. Еліміздегі спортшыларды оқытатын 42 оқу орнына бар-жоғы 350 грант берілген. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл жаттықтырушылар мен дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне деген сұраныс мың адамды құрайды екен. «Білім министрлігі бұл әлеуметтік зерттеуге зер салмаған», - дейді Қайрат Закирьянов. Соның салдарынан бір ғана Спорт және туризм академиясына құжат тапсырған 800-ге тарта түлектің тек 180-і грантқа түскен. Тегін білімнен қағылғандардың қатарында спорт шеберлері мен халықаралық жарыс жеңімпаздары да бар. Академия басшылығы жас таланттарға қолдан келгенше көмек береміз дейді.

Қайрат Закирьянов, Қазақ спорт және туризм академиясының президенті:

- Министрлік тарапынан еш көмек болмаса, бір семестрге қаражатын төлейсіңдер. Сосын кафедралар «мына баланың дәрежесі зор, ертең спорт шебері болады, чемпион болады» деп, бізге ұсыныс айтады. Біз жеңілдік жасаймыз. Біріншіден, 180 студенттің ертең 20 шақтысы жаман оқып, кетеді. Ның орнына шеберлерді кіргіземіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде