{metadescription}
200-ден аса ақбөкенді қырған браконьерлер ұсталды – Қарағанды облысы  
200-ден аса ақбөкенді қырған браконьерлер ұсталды – Қарағанды облысы  

200-ден аса ақбөкенді қырған браконьерлер ұсталды – Қарағанды облысы  

Қарағанды облысында киікті қынадай қырған броконьерлер қолға түсті. 200-ден аса ақбөкенді сұлатып салған қаскөйлер Қызылорда және Қарағанды облыстарының тұрғындары болып шықты.

Сондықтан броконьерлердің ізіне екі облыстың полицейлері түскен. Олар қулығына құрық бойламайтын қаскөйлерді тікұшақпен аңдыпты. Айдалада баудай қырған киіктерді мүшелеп жатқан 6 адамның қолына бірден кісен салынды. Көліктерінен қару жарақ, оқ-дәрілер мен киік мүйіздері тәркіленді. Олардың ұзын саны 212 ақбөкенді жайратқаны анықталған. «Жаңа заң бойынша жазалары да ауыр болады», - дейді полицейлер.

Әбіл Әбілдин, Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Бұрын осындай қылмысқа 5 жыл болса, қазіргі нұсқамен браконьерлер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ұсталған 6 азаматтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу абақтысына қамалды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.