{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеде қыруар қаржы бөлінген мектептің құрылысы тоқтап тұр

Ақтөбеде қыруар қаржы бөлінген мектептің құрылысы тоқтап тұр

Ақтөбеде мектеппен қамтудың соңы сақалды құрылысқа айналды! Үкіметтен бір жарым миллиард теңге бөлінсе де, «Нұр-Ақтөбедегі» мың балаға арналған білім ошағының қашан ашылатыны белгісіз. Елу мың адам тұратын ықшамауданның жұрты ұл-қызын «тасып оқытудан шаршадық» дейді. Ал құрылысқа тендер ұтқан компанияға қатысты қазір қылмыстық іс қозғалған.

«Нұр-Ақтөбе» ықшамауданындағы мектептің құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталған. Бір жыл ішінде қолданысқа беріліп, «оқушылар осында сабақ оқиды» деп уәде етілген-ді. Бірақ алғашқыда қарқынды жүргізілген құрылыс қазір тоқтап қалған.

Мектептің іргетасы қаланғанда тұрғындар балаша қуаныпты. Қазір сырты бүтін, бірақ қақпасына шынжыр байланған бұл ғимартты көрсе, мұндағылар кәдімгідей ашуланады. Өйткені балаларының үй қасындағы білім ошағына барады деп күткеніне біраз уақыт болды.

- Құлыптанып тұр. Қашан ашылады? Шынжырмен орап тастаған. Көріп тұрсыздар.

Тұрғындардың мектеп жайын сұрап хабарласпаған жері қалмапты. Барлығынан «әне ашылады, міне ашылады» деген жауап алып шаршаған.

Енді індетке байланысты балалар қашықтан оқығанның өзінде, кезекші топқа баратындардың жолы байланып отыр деп ашынады.

Шынар Оспанова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Қашықтан оқытамыз деп, біз сонда сұрамай отыра береміз бе? Неше жылға созылып кетті? Сыртынан балаларымыз тамсанып қарайды. «Осы мектеп, мама, біз үшін ашылатын мектеп пе немесе музейге әдемілікке қойылатын құр макет пе?» деп сұрайды балалар. Енді осыған, әкім, жауап беріңіз.

Әкімдіктегілер бұның себебін сот процестерімен байланыстырады. Яғни мердігер компания басшыларының үстінен осы мектеп құрылысына қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.

Аслан Жарасбаев, Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

- Мектептің басшылығына қылмыстық іс қозғалуына байланысты қазір құтоқтатылып тұр. Бірақ оны тергеу жүргізіп жатқан мекемемен құрылысты тоқтатпау туралы келісім алып, ары қарай құрылысты жалғастырғымыз келіп отыр.

- Мектеп басшылығы ма, мердігерге ме?

- Мердігерге байланысты.

Қазынадан мектеп құрылысына бір жарым миллиард бөлінген. Ақшаны  мердігерге аударып үлгеріпті. Енді тергеушілер құрылыс жүргізуге рұқсат бергеннің өзінде, жаңа жылға дейін үлгере ала ма, ол белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде