{metadescription}
Тауда құлап өлген әйелдің денесі табылды – Сайрамсу
Тауда құлап өлген әйелдің денесі табылды – Сайрамсу

Тауда құлап өлген әйелдің денесі табылды – Сайрамсу

Түркістан облысында тауда құлап өлген әйелдің денесі екі күнде әрең табылды. Төле би ауданына қарасты Сайрамсу шатқалына шыққан 5 адамның әйелдің денесі екі күнде әрең табылды екеуі шатқалға құлап кеткен. Оқыс оқиғаға тап болғандар – ерлі-зайыптылар. Төтенше жағдай мамандары 42 жастағы ер адамды құтқарғанымен, оның 39 жастағы әйелінің мүрдесін бүгін кешқұрым алып шықты.

Сарыағаш ауданынан келген туристер жетекші-мамансыз Сайрам мұздығына өздігінше шықпақ болған. Арнайы жабдықтары жоқ, дайындығы аз топ теңіз деңгейінен 4 мың 236 метр биіктікке жеткенде ерлі-зайыптылар аяғы тайып шатқалға құлайды. Құтқарушылар тобы қабырғасы сынып, үсік шалған еркекті кеше шығарып алып, қауіпсіз жерге жеткізген. Ал жырадан түсіп кеткен әйелдің мүрдесін шығаруға кешелі бері жұмыс істеп, тіпті тікұшақ та тартуға тура келген. Ол 30 метрлік жырадан құлапты.

Ерғали Бақаев, Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

- Бағана ұзақта орналасқан. Тау шатқалындағы мұз, қиыршық тастар, сонымен қатар екі күн бұрынғы жаңбырдың нәтижесінде таулы шатқалдарда көп қиындық туды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде