{metadescription}
Алматыда арық бойынан жаңа туған нәресте табылды
Алматыда арық бойынан жаңа туған нәресте табылды

Алматыда арық бойынан жаңа туған нәресте табылды

Туа салып, тастап кеткен. Алматыда арықтың бойынан жаңа туған нәресте табылды. Кіндігі де дұрыс кесілмеген шақалақты алғаш болып көрген адам полиция мен жедел жәрдем қызметін шақыртыпты. Қазір сәбиге дәрігерлер қарап отыр.

Құрметбек Тоқтар, Алматы қаласы балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бөлім меңгерушісі:

- Біздің қабылдау бөліміне келген кезде баланың дене қызуы 34 градус болды. Тоңып қалған. Аурухана қызметкерлері баланы жансақтау бөліміне көтерді. Барлық керекті ем-шара жасалды. Қазір баланың жағдайы ауыр, бірақ өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

Шақалақ Райымбек даңғылының бойындағы арықтың ішінен түнгі сағат бір шамасында табылған. Баласынан безген әйел іштен шыққан сәбиін құр жаялыққа орап тастап кетіпті. Онымен бірге кіндігі мен «серігі» де сол күйі қалған. Ақ халаттылар түнгі салқында тоңып қалған жас нәрестенің аман қалуын ғажайыпқа балайды. Қазір тәртіп сақшылары көкек ананы іздестіріп жатыр. Егер ол табылса, ана құқығынан айырылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал бейкүнә сәби жағдайы жақсарған соң, балалар үйіне тапсырылады.       

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Қазір Алмалы аудандық полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімі баланың биологиялық анасының орналасқан жерін анықтау және оны полицияға тапсыру үшін жедел іздестіру шарасын жүргізуде. Алматы қаласы полиция департаменті қамқор азаматтарды нәрестенің биологиялық анасы туралы кез келген ақпаратты дереу полицияға хабарлауға шақырады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде