{metadescription}
Пандемия армениялық көлікті тіркеуге кедергі болған
Пандемия армениялық көлікті тіркеуге кедергі болған

Пандемия армениялық көлікті тіркеуге кедергі болған

Коронавирус құжат рәсімдеуге де кедергі келтіруде. Алматыда армениялық нөмірмен жүрген 114 жүргізуші көліктерін әлі тіркемеген. Себебі, көбі қауіпті індетке шалдығып, ауруханаларда емделіп жатыр.         

Нұрлан Аманбек, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция бастығының орынбасары: 

- Әрқайсысының жағдайын түсінуге тырысамыз. Басқа қалада болып қалды ма, ауырып қалды ма, пандемия бойынша. Себебі нақтылап айтылса, біз оны қарастырамыз.

Індетке байланысты енді көліктерді тіркеу мерзімі тағы ұзаруы мүмкін. Армениядан Алматыға барлығы 500 көлік әкелінген екен. Оның 318-і тіркеліп үлгерді. 32 жүргізуші құжат рәсімдеуден қашып, темір тұлпарларын өзге өңірлерге сатқан. Ал екі азамат Армениядан аттай қалап әкелген көлігін бөлшектеп сатып жіберіпті. Тағы 10 шақты тұрғын техникалық сараптама қорытындысын күтіп жүр. Ал нөмір алмаған әлі 114 көлік бар. Дегенмен тәртіп сақшылары 1-кыркүйекке дейін бұл статистиканың әлдеқайда төмендейтініне сенімді. Қазір Алматыда бір күнде кемі 20 көлікке жаңа үлгідегі сары түсті мемлекеттік нөмір беріліп жатыр.    

Раушан Көпбосынова:

- Көлікті былтыр қараша айында Грузияда сатып алдым. Біз елге келе жатқанда тіркеу қажеттігін білмедік. Үкімет жүргізушілерге уақытша тіркеуге тұруына рұқсат еткенін естігенде төбем көкке жетті. Себебі, қаржыдан қиналар едік. Бүгін жаңа нөмір алдым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.