Теміртауда трамвай паркінің жабылатыны рас па?
Теміртауда жұртты қаладағы «трамвай паркі жабылады» деген қауесет дүрліктірді. Оған мекемеде аяқ астынан жүргізілген есеп-қисап пен техниканы түгендеу жұмыстары да түрткі болған. Осыған байланысты трамвай паркінің жұмыскерлері басшылықтан түсінік беруді талап етіп шу шығарды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
26.08.2020
Екатерина Зенченко, трамвай жүргізушісі:
- Техникалық паспортын түгендеп, металлдың салмағын өлшеу сияқты жұмыстар басталды. Бұл не үшін керек? Осы күмән тудырды. Жасым болса 50-ге келді, қайдан жұмыс іздеймін? Мен трамвайдың әр бұрандасын көзімді жұмып тұрып табамын. Парк жабылса, мені қай жерге жұмысқа алады?
Трамвайлардың орнына автобус жүреді-міс. Дегенмен мұндағылар тармвайдың қала тұрғындарына маңызы зор екенін айтады. Ал онсыз да жұпыны автобустардың адам тасуға қауқары жетпейді. Десе де, ашылғанынына 61 жыл болған трамвай паркінінң бүгінгі жағдайы жетісіп тұрған жоқ. Техниканың бәрі ескірген, рельстердің де жағдайы мәз емес. Оған иелік ететін «Арселор Миттал» компаниясының артық шығындалғысы жоқ екен. Сөйтсе құрылтайшы мен парк басшылығының арасында мұндай әңгіме болғаны рас боп шықты. Алайда қала билігі келісім бермепті. Сондықтан Теміртауға бір апта бұрын ғана әкім боп тағайындалған Қайрат Бегімов «трамвай паркі жабылады» деген әңгіме шындыққа жанаспайтынын айтады.
Қайрат Бегімов, Теміртау қаласының әкімі:
- Трамвай паркінің өзінен шыққан әңгіме емес, бір-біріне таратқан сөздер. Вотсапппен бірін-бірі қыздырып жатыр да. Нақты айттатын болсақ, парктің жабылуы туралы сұрақ туындаған жоқ. Қарастырған да жоқпыз, міне, парк қалай жұмыс істеп тұр, ары қарай да жұмыс істей береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!