{metadescription}
Елордада дәріхана иелері 2 миллион айыппұл төледі
Елордада дәріхана иелері 2 миллион айыппұл төледі

Елордада дәріхана иелері 2 миллион айыппұл төледі

Елордада ашкөздікке бой алдырған дәріхана иелері 2 миллион теңге айыппұл төледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік дәрі-дәрмек сату орындарын тексеріп, әдеттегідей көптеген заңбұзушылықтың жолын кесті.

Мәселен, қолданыстағы бағаның шекті деңгейі бола тұра, дәріханалар препараттардың құнын көтеруді әлі жалғастыруда. Кәсіпкерлерге қанша айтылса да, олар заңды елемеген. Тіпті бағаны шарықтатқан дәріхана иелері елде орын алған дәрі тапшылығын пысқырмапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік еш жерде тіркелмеген вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін препараттарды сатқандарды да тапты. Әкімшілік айыппұл арқалаған фармацевтер материалдық шығынды төлеген соң, әрі қарай қызметін жалғастыра бермек. Бір айда мониторингтік топ 100-ден аса дәріхана жұмысын тексеріп, заң бұзғандары үшін 2 миллион теңгеден астам айыппұл салған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.