{metadescription}
Дәрігерлердің 10 пайызы ғана өтемақы алған  
Дәрігерлердің 10 пайызы ғана өтемақы алған  

Дәрігерлердің 10 пайызы ғана өтемақы алған  

Қазақстанда коронавирусты жеңуге тартылған медициналық қызметкерлердің тек 10 пайызы ғана өтемақысын алған. Яғни, вирус жұқтырған және пневмонияға шалдыққан 899 денсаулық сақтау саласы маманына 2 миллион көлемінде үстемақы беріліпті. Ал елімізде 9 мыңдай дертпен алысқан дәрігерлер бар.

Өтемақы алғандардың 120-сы – елордадан, 85-і – Алматы облысынан, 84-і – Алматыдан. Ақмола және Батыс Қазақстан аймағынан медицина мамандарына біржолғы төлем берілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің таратқан мәліметке сәйкес, індеттің кесірінен қайтыс болған үш дәрігердің отбасына 10 миллион теңгеден өтемақы жасалған.

Бұл дерек өткен жұмадан бері жаңармады. Денсаулық сақтау министрлігі үстемақы алатындардың қатарын толықтырды. Енді Қазақстанда мобильді бригадада жұмыс істейтіндер, әскери дәрігерлер мен сот медициналық сарапшылары да жалақысына қосымша ақы алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде