{metadescription}
Тастанды сәбидің анасы табылмай жатыр
Тастанды сәбидің анасы табылмай жатыр

Тастанды сәбидің анасы табылмай жатыр

Арықтан табылған тастанды сәбидің беті бері қарады. Дәрігерлер нәрестенің жағдайы жақсарғанын айтты. Енді бірер күнде құжаы дайындалып, балалар үйіне жіберіледі. Ал бауыр еті – баласын көшеге тастап кеткен көкек ана әлі табылмаған.

Назгүл Асанова, Алматы қаласы №2 клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Баланың салмағы үш жарым келі, бойы 52 см. Ұл бала. Нәсілі азиялық. Заңгерлер баланың туу туралы куәлігін жасап жатыр. Ол дайын болған соң, мамандандырылған балалар үйіне ауыстырамыз.

Балалар шұғыл медициналық орталығына жеткізілген нәресте қазір №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына ауыстырылған. Барлық тексеруден өткізген дәрігерлер енді оның өміріне төнер «қауіп жоқ» деп отыр.

Кеше түн ауа безбүйрек ана жаңа туған нәрестесін жаялыққа орап, арықтың ішіне тастап кеткен. Шырылдап жылаған тастандыны жақын маңдағы жүргіншілер дер кезінде байқап, құтқарып қалды. «Қатты тоңғаны болмаса, денсаулығы қалыпты», - дейді дәрігерлер. Тіпті тірі жетім атанған бөбекпен бірге кіндігі мен «серігі» де кеппеген күйі қалған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде