Ковид-19: Әсіресе ШҚО мен БҚО-да кісі өлімі көп
Елімізде қауіпті кеселден көз жұмғандар әлі азаймай тұр. Соңғы тәуліктің ішінде коронавирустық пневмония мен Covid-тен 17 науқас бақилық болған. Осылайша аурудан ажал құшқандардың саны 1523-ке жетті.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
26.08.2020
Ал соңғы бір аптаның ішінде жұқпалы дертті жеңе алмаған 108 адам қайтыс болыпты. Өкінішке қарай, коронавирус құрбандары Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында ең көп тіркелген екен. Аймақтарда да қаралы тізімге енген қарашаның саны арта түскен. Әсіресе, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында кісі өлімі көп.
Республика бойынша Covid-19-ға шалдыққандар саны 105 мыңнан асса, коронавирустық пневмонияны 23 жарым мыңнан аса адам жұқтырған. Ал аурудан құлан таза айыққандар 94 мың адамға жуықтады. Санитар дәрігерлер қауіпті кеселдің таралуы әлі де қарқын алуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан жұртты босаңсымай, санитарлық ережелерді орындап жүруге шақырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!