31-тамыздан бастап карантин тәртібі жеңілдетіледі
Дүйсенбіден бастап елде карантин тәртібін жеңілдетудің екінші кезеңі басталады. Бүгін үкімет кейбір шектеулерді алып тастап, халықтың мәдени және спорттық өмірге қайта араласуына рұқсат берді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
26.08.2020
31-тамыздан бастап наурыздан бері жұмыс істемей тұрған театрлар есігін ашады. Сонымен қатар қазақстандықтарға тауда демалып, ұлттық саябақтарда таза ауамен тыныстауға рұқсат. Салауатты өмір салтын ұстанғандарға спортзалдар мен бассейндер де ашық болады. Ал құлшылық ететін азаматтар мешіттер мен шіркеулерге бара алады. Барлық жұмысын бастайтын ғимараттарға кіру үшін санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Келушілер санына да қатаң шектеу бар.
Нысандар ашылар кезде жергілікті биліктің тексеруінен өтіп, жұмыс істеуге рұқсат алуы шарт. Осы аптаның сенбі-жексенбісінде карантин қатаңдатылады. Шектеу шараларының әрі қарайғы демалыс күндерінде сақталып, не сақталмайтыны әзірге белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!