{metadescription}
Алматыдағы Алғабас әлі күнге дейін интернетсіз
Алматыдағы Алғабас әлі күнге дейін интернетсіз

Алматыдағы Алғабас әлі күнге дейін интернетсіз

Алыстағы ауыл түгілі, Алматыда отырып онлайн сабаққа дайын емес.  Алғабас ықшамауданының тұрғындары әлі күнге интернетсіз отыр. «Келесі апта сабақ басталса, балалар қайтып білім алады?!» деп бәрінің басы қатып жүр. Айтуларынша, жергілікті әкімдік байланыс операторына, олар қайтадан әкімдікке жауапкершілікті сілтеумен қажытқан. Жұрттың жанайқайын тілшіміз тыңдап келді.

Бастауышта оқитын үш баласы бар Шолпан Тұрғыншаева тығырыққа тірелген. Онлайн оқу оларға оңайға соқпайын деп тұр. Ала жаздай қақпаған есік қалмаған. Бірақ интернет әлі тартылмады.

Шолпан Тұрғыншаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Дұрыс интернет жоқ. Тек мобильді роутермен отырамыз. Ол роутермен отырған кезде мүлдем тартпайды. Қазір ауыл-ауылдарға интернетті тартып жатыр ғой. Бізде сондай дұрыс интернет жоқ.

Шолпан секілді Алғабас ықшамауданындағы 100-ден астам ата-ана шырылдап отыр. Тіпті мектептегі сыныптастарын сағынған оқушылар қолына плакат ұстап, үлкендердің ортасына қосылған.

Бізге интернет керек! Сабақ оқығанда интернет дұрыс ұстамайды.

Қала ішінде болғанмен, бұл төрт көшенің интернеттен тарыққанына көп болған. Жазуын жазғанмен, әзір жауаптылар құлақ аспай тұр.

Міркәш Әбдікәрімов, Алматы қаласының тұрғыны:

- «18-ші жылы бастаймыз, оны бітіріп береміз» деген бір әңгіме айтып еді. Бірақ ол іске аспай қалды. Қазір әкімдікке, «Нұр Отанға», прокуратураға тағы хат жаздық, көмек сұрадық.

Көмек енді солардан келмесе, байланыс операторынан қайыр жоқ. Жағдайдан құлағдар Қазақтелеком «биыл интернетке үміттенбесін» деген жауабын берді. «Сымсыз басқа да баламаны пайдалансын» деп, олар әңгімені жылы жапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде