{metadescription}
Семейде әкімдіктегілерді дүрліктерген жарылғыш зат табылмады
Семейде әкімдіктегілерді дүрліктерген жарылғыш зат табылмады

Семейде әкімдіктегілерді дүрліктерген жарылғыш зат табылмады

Семейде белгісіз біреу жергілікті әкімдік ғимаратына жарылғыш зат қойылды деп полицияға хабарлап, шенеуніктер бір дүрлігіп алды.

Тәртіп сақшылары ақпарат келген бойда  нысан ішіндегі 170 қызметкерді жаппай қауіпсіз жерге көшірді. Арнайы жасақ шаһар орталығын дереу қоршауға алып, ғимаратқа тексеру жүргізген. Иісшіл иттер де жұмылдырылды. Ақырында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпараттың жалған екені белгілі болды. Қазір полиция жалған хабар берген адамды іздестіріп жатыр. Ал мұндай әрекетке 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.