{metadescription}
Соңғы тәулікте 168 адам коронавирус жұқтырды
Соңғы тәулікте 168 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте 168 адам коронавирус жұқтырды

Шымкентте соңғы тәулікте бірде-бір адам коронавирус жұқтырмаған. Осылайша еліміздің кейбір аймақтарында жағдай ақырындап оңалып келеді. Мәселен, Жамбыл облысында тек екі адамнан қауіпті вирус анықталыпты. Ал  Шығыс Қазақстан облысындағы ахуал мәз емес. Бұл өңірде өткен тәулікте 24 адам індеттің құрығына ілігіп, сұрықсыз тізімнің көшін бастады.  

Зертханалық талдаулар 3 науқастан бұрынырақ коронавируспен ауырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен, ЖРВИ белгілерімен түскен 16 науқастан мониторинг жүргізу кезінде және 5 адамнан профилактикалық тексеру кезінде алынды. Байланыста болған адамдардың қатарын анықтау үшін эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Ел бойынша соңғы тәулікте 168 адам коронавирус жұқтырыпты. Оның ішінде 85 науқастан сырқат белгісі байқалмаған. Сөйтіп қауіпті кеселмен ауырғандардың саны 105 мың 243 адамға жетті. Өкініштісі, Covid-19 бен коронавирустық пневмониядан бір тәулікте 13 жерлесіміз көз жұмған. Айта кетейік, коронавирус жұқтырғандар күн санап азайғанымен, өкпесі қабынғандардың қатары кемімей тұр. Аталған дерт меңдегендердің тізіміне тағы 558 науқас қосылыпты. Ал қатерлі індет күзде қайтадан асқынса, қамсыз қалмаудың жолын қарастырған кейбір аймақ дайындық жұмыстарына тағы да миллиардтаған қаржы жұмсап жатыр. Бір ғана Алматы қаласында дәріхана, емханадағы қорғаныс құралдарына және дәрі-дәрмек қорына 10 миллиард теңге бөлініпті. 

Заңғар Сәлімбаев, Алматы қаласы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі үйлестірушісі:

Сол қаржының ішінде 5 миллиард Алматы қаласының дәріханаларына дәрі-дәрмектерді жеткізуге бөлінген болатын және 5 миллиард резервтік қорға, яғни Алматы қаласының ауруханалы мен емханаларына дәрі-дәрмектерді сатып алуға резервтік қор болып табылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.