Италияда өртенген яхтадағы қазақстандықтар кімдер?
Италияда қазақстандық туристер мінген яхта отқа оранды. Борттағы 17 адам қызыл жалынның құрсауынан дер кезінде сытылып шыққан.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
27.08.2020
Су көлігінде 8 қазақстандық турист пен 9 экипаж мүшесі болыпты. Елу метрлік Lady MM яхтасы Капри аралынан Сардиния жағалауына бет алған екен. Алайда діттеген жеріне жете алмай, түгі қалмай жанып кетті. Борттағы адамдар от тұтанғанда бірден шағын қайыққа отырып аман қалды. Оларды құтқаруға жағалау күзеті мен тікұшақ жұмылдырылған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жергілікті басылымдер түгі қалмай жанып кеткен яхтаның құнын 9 миилион еуроға бағалады. Сәулеті келіскен бөлмелер, VIP каюта, шағын жаттығу залы мен бассейні бар су көлігіне 10 қонақ сыяды екен. Жерорта теңізінде мұндай сән-салтанатпен демалып жүрген қазақтардың қатардағы турист емес екені белгілі. Сыртқы істер министрлігі де олар жайлы ақпарат беруге құлықсыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!