{metadescription}
Алматыда дәрігерлер қитұрқы әрекеттерге барған
Алматыда дәрігерлер қитұрқы әрекеттерге барған

Алматыда дәрігерлер қитұрқы әрекеттерге барған

Алматының медициналық ұйымдары 200 милллион теңге айыппұл арқалады. Мекемелердің қызмет сапасы мен көлемін тексерген медициналық сақтандыру қоры тек жыл басынан бері 4 мыңнан астам кемшілік жіберілгенін анықтаған.

Көбінде дәрігерлер қитұрқы әрекеттерге барған. Мәселен, Алматыда соңғы алты айда мүлде аурухана есігін ашпаған 240 адамға «қызмет көрсеттік» деген құжат толтырылыпты. Ал, қызмет құны 5 миллион теңгеден асып кеткен. Тұтынушылар осындай жағдайға тап келсе, хабар беруін өтінген қор қызметкерлері аурухана тарапынан кеткен кемшіліктерді дер кезінде анықтап, шара қолданамыз дейді.

Жанар Кенжебаева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары:

- Біздің сарапшылар талдау жүргізеді. Егер кемшілік анықталса, олар алынатын соманының көлемін көрсетеді. Мысалы, 100 теңгенің қызметі көрсетілді делік. Емдеу барысында қойылған талаптан ауытқу байқалса, жүйе автоматты түрде он пайызын ұстап қалады. Әрине, медициналық ұйымдарда жіберілген әр кемшіліктің құны да әр қалай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде