{metadescription}
Мүрдесі табылған баланың денесінде зорлық-зомбылық іздері бар – ШҚО
Мүрдесі табылған баланың денесінде зорлық-зомбылық іздері бар – ШҚО

Мүрдесі табылған баланың денесінде зорлық-зомбылық іздері бар – ШҚО

ШҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен баланың денесі табылды. Жеті жасар баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар.

Қайғылы жағдай Зубовск ауылында болған. Бала аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстары кезінде оны әлдекімнің ертіп кеткені белгілі болды. Полиция мен еріктілер, баланың туыстары қанша шарқ ұрып іздесе де, табыла қоймаған. Араға күн салып оның мүрдесі ауыл маңындағы тоғайдан табылып отыр. Денесінде бірнеше пышақ ізі бар. Қазір аталмыш оқиғаға қатысты ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Сағат Мәдиев, ШҚО ПД бастығы:

- Аталған дерек бойынша «адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шарасында күдіктіден қылмысты мойындату жауабы алынды. Күдікті аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде