{metadescription}
Қарағандыдағы қанды қырғын: Оқ тиген азамат есін жиды
Қарағандыдағы қанды қырғын: Оқ тиген азамат есін жиды

Қарағандыдағы қанды қырғын: Оқ тиген азамат есін жиды

Қарағандының қақ ортасында болған атыста оқ тиген азамат бүгін есін жиды. Ал сол төбелесте жүрек тұсына пышақ сұғылған адам ауруханаға жетпей көз жұмған. Облыстың тәртіп сақшылары адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қоғалғанын ғана айтып, одан өзге ақпарат бермей отыр. Тілшілеріміз оқиға орнына барып, осы оқиға кезінде кездейсоқ оқ тиген тағы бір азаматты тауып, сөзге тартып көрді. Полицияның ресми ақпаратында көрсетілмегенді жапа шеккен азамат айтып берді. 

Кеше тал түстегі пышақтасу мен атыс болған жер. Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталып, қамауға алынды. Дегенмен бүгін оқиға орнына криминалистер келіп, қылмыстық іске қатысты айғақ заттарды тағы іздестіріп жатыр.

Қарағанды қаласының тұрғыны Ибрагим Воджиевтің басы, кеуде тұсы және аяғына бытыра оқ тиген. Тіпті үш бытыра қолына ұстаған картинаға да тиіпті. Дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілген ол кешегі күнді қорқа-қорқа еске алады. Айтуынша, үйінің алдына көлікпен келіп тоқтағанда бірнеше адамның ерегесіп тұрғанын көрген. Қас пен көздің арасында бір жігіт екіншісінің кеуде тұсынан пышақ ұрған. Ол құлаған сәтте қасындағы жақтастары пышақ ұстаған адамды атып түсіріпті. Екінші оқ Ибрагимге атылған.

Ибрагим Воджиев, зардап шегуші: 

Көліктің жүксалғышынан картинаны алып жатқанда, мені ана пышақ ұрған жігітке көмекке келді деп ойлағаны анық. Әп-сәтте болды. Картинаны алып үлгергенше, маған оқ атылды. Бытыра үш жерден тиді. Жан сауғалап үйге қарай қаштым. Ұлым жедел жәрдем шақыртты.

Жедел жәрдем оқиға орнынан Ибрагиммен қоса тағы екі адамды алып кеткен. Пышақ жарақатын алған азаматтың ауруханаға жеткенше демі үзіліпті. Ал жақын жерден бытыралар аяғына тиген екінші азамат есін бүгін жиды.

Дмитрий Матюшко, Қарағанды қалалық №1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: 

Жағдайы бірқалыпты. Белінен төмен қарай, сан мен тізеден төмен тұсына бытыра оқ тиген. Шокқа қарсы іс шара жүргізіп, бүгін жансақтау бөліміне ауыстырылды. Есін жиды.

Тәртіп сақшыларының там-тұмдап берген ақпаратына сүйенсек, адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ауруханада жатыр. Ауруханадағысы сол пышақ сұққан азамат болса, ал оқ атқан адамның қайда кеткенін полиция түсіндіріп бере алмады. «Тергеу құпиясы» дейді. Тек тал түстегі елдің есін алған қанды қырғынның ақ-қарасын жақын күндері ажыратамыз деді.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.