{metadescription}
Құқық қорғау жүйесіне үш жақты үлгі енгізіледі
Құқық қорғау жүйесіне үш жақты үлгі енгізіледі

Құқық қорғау жүйесіне үш жақты үлгі енгізіледі

Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа үлгісі енгізіледі. Бұл салада әлі күнге ескіліктің сарыны бар. «Тәртіп сақшыларының көпшілік көңілінен шықпауына бірден бір себеп осы», - деді президент. Сондықтан құқық қорғаушылардың жұмысын әлемдік деңгейге ілестіру үшін озық тәжірибеге жүгіну керек.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тәртіп сақшыларының қорғаушыдан бұрын, айыптаушы әрекеті басым. Соның салдарынан кінәсі жоқ азаматтар жауапқа тартылып жатады. Бұған прокурорлардың мезгілінен кеш қимылдауы да себеп. Құқық қорғау ісін сынға алған президент бұл саладағы міндеттерді жіктеп берді. Бұл ретте үш жақты үлгі енгізілетін болды. Соған сәйкес полицейлер қылмысты анықтап, қатысы барларды тіркеп, айғақ деректерімен айналысады.

Прокурорлар тәуелсіз бағалау жүргізіп, азаматтардың құқығы бұзылмауын бақылап, әрі кінәсі жоқтардың жауапкершілікке тартылмауын қамтамасыз етуге міндетті.

Сот тарапы органдардың үстінен түскен шағымды қарап, істің тоқ етер нүктесін қоюы тиіс.

Жергілікті полиция қызметін де реформалау қажеттілігі айтылды. Оның ішінде учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттырып, беделін көтеру көзделген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде