{metadescription}
Зейнетақы қорындағы қаржы тек 721 мың азаматқа қолжетімді
Зейнетақы қорындағы қаржы тек 721 мың азаматқа қолжетімді

Зейнетақы қорындағы қаржы тек 721 мың азаматқа қолжетімді

Зейнетақы қорындағы ақшаны екінің бірі ала алмайды. Баспана сатып алуға немесе емделуге қажетті қаражат бар болғаны тек 721 мың азаматқа қолжетімді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. Біржан Нұрымбетов президент жолдауында айтылған бастама тек зейнетақы қорында жеткілікті қаржысы бар азаматтарға берілетінін жеткізді.

Ал сарапшылар президент тапсырмасын орындауға асықпайтын шенеуніктер бұл жұмысты «әдейі созбалаңға салып отыр» деген сенімде.  

Жолдауда зейнетақы жинағын жұмсауға болады деген жаңалық елді елең еткізді. Бөтеннің босағасын жағалап жүргендер мен қымбат емге қаржы таппай қиналғандар қордағы жинағына кәдімгідей үміттенген. Алайда бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі талайдың үмітін су сепкендей басты. Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, зейнетақы қорындағы қаржы бар болғаны 721 мың азаматқа ғана қолжетімді екен.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Зейнетақы жинағын пайдалануға 721 мың адамның мүмкіндігі болады. Шамамен 1,4 триллион теңге көлемінде. Оның ішінде жеткілікті шегінен асатын жинағы 530 мыңға жуық жұмыс істейтін азаматтар, 178 мыңнан астам зейнетақы жинағы бар зейнеткерлер және 13 мың аннуитет төлеміне шарт жасасқан алушылар.

Министрдің сөзінен ұққанымыз, зейнетақы жинағын қарапайым халық емес, тағы сол баяғы бай-бағыландар пайдаланатын сияқты. Себебі, жыл басында зейнетақыны баспана алуға немесе емге жұмсау үшін ер азаматтарда 6,7 миллион, ал әйелдерде 9,6 миллион теңге жинағы болуы тиіс делінген. Осыны есепке салсақ, орташа есеппен 100 мың теңге алатын азаматтар бұл соманы 50 жылда да жинай алмайды. Сондықтан сарапшылар мұндай шектеу болмауы тиіс дейді. Керісінше, әр азаматқа жинағының 50 пайызын шешіп алуға мүмкіндік беру керек деп отыр.

Айдар Әліпбаев, экономист:

- Ұлттық банк, зейнетақы қоры мен Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі түрлі сылтаумен Тоқаевтың ұсынысына кедергі келтіргісі келеді. Себебі, бұл бастаманы президент былтыр айтқан. Одан бері бір жыл өтті, еш жұмыс жасалған жоқ. Мүмкін зейнетақы қорында мүлде ақша жоқ шығар. Бар шындық ашылып қалмасын деп, халықтың өз жинағын шешуіне әдейі кедергі келтіріп отыруы да мүмкін. 

Расымен де зейнетақы қорындағы ақшаны шешу мәселесін шенеуніктер былтырдан бері сағызша созып келеді. Тіпті жинақты мерзімінен бұрын пайдалануға қорда қанша ақшаң болуы керектігі де белгісіз.

Елімізде он миллионнан астам салымшы бар екен. Олардың көбінің зейнетақы қорындағы жинағы бір миллион теңгеден де аспайды. Сондықтан қордағы қаржыны баспана мен ем-домға жұмсаймыз деп қуануға әлі ертерек. Десе де бүгін мандытып түсінік бере алмаған министрлік алдағы уақытта нақты кімнің бейнетпен жиған ақшасын шешіп алуына болатынын түсіндіріп береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде