Атырау: Перинаталдық орталықтағы сәби өлімінде сұмдық дерек анықталды
«Алла кешірсін» деп айуандық жасаған. Атыраудағы перинаталдық орталықтағы сәби өліміне қатысты тағы бір сұмдық дерек анықталды. Шарананың тағдырын ақылдасып шешіп, баланы мұздатқышқа салғандар телефон арқылы «бізді Алла кешірсін» деп, қылмыс жасағандарын білген. Бұл туралы сот процесіне куәгер ретінде қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі тәптіштеп айтып берді.
Автор: Мақсат Мәлік
02.09.2020
Атыраудағы жантүршігерлік оқиға өткен жылдың 29-қыркүйегінде болған. Пееринаталдық орталықта дүние есігін ашқан сәби еш қимылдамағандықтан, өлі туылды деп құжат толтырылған. Алайда баланы мұздатқыш камерасына алып келгенде оған жан біте бастаған. Бірақ құжаттардың шатасуын қаламаған дәрігерлер оны сол күйінде мұздатқышта қалдырады. Жасырын тергеудің нәтижесін алға тартқан куәгердің мәліметінше, күдіктілер баланы қалай өлтірудің жолын таңдап, соңында мұздатқышқа салуды жөн деп тапқан. Алайда қорғаушылар күдіктілер баланы алдын ала өлтіруге келіспегенін айтады. Бірақ куәгер телефондағы әңгіменің стенограммасы мен филологиялық сараптаманың қорытындысын мысалға келтірді. Онда перзентхана қызметкерлерінің өзара ақылдасқаны, соңында «бізді Алла кешірсін» деген сөз бары айтылған. «Демек, олар қандай іске барғанын білген», - дейді куәгер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!