{metadescription}
Қырыққұдықта 105 тонна шөп түгі қалмай жанып кетті
Қырыққұдықта 105 тонна шөп түгі қалмай жанып кетті

Қырыққұдықта 105 тонна шөп түгі қалмай жанып кетті

Ақмола облысында бір түнде Ақмола облысында бір түнде 105 тонна шөп түгі қалмай өртеніп кетті. Қырыққұдық ауылында болған бұл өртті біреу әдейі қоюы мүмкін.

От түнгі сағат он шамасында тұтанған. Құтқару қызметінен 45 шақырым жердегі Қырыққұдыққа өрт сөндірушілер жеткенше, кеуіп тұрған үюлі шөпке тиген от бой бермей кетіпті. Оның үстіне желдің қатты болуы да қиындық туғызған. Мал азығы ауылдан біршама жерде бөлек үюлі тұрған. Адам шығыны жоқ.

Манарбек Шапағатов, Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Бізге хабар кешкі 9:40-та түсті. Қолдағы күшті жұмылдырып, өртті сөндіруге кірістік. Кеуіп тұрған шөп тым лаулап жанды. Тілсіз жау таңғы 8-ден аса бір-ақ ауыздықталды. Қазір тексеріп жатырмыз. Өрт қасақана қойылуы мүмкін деген күдік бар.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде