{metadescription}
Оралда биікте терезе сүрткен бала жұрттың зәресін ұшырды
Оралда биікте терезе сүрткен бала жұрттың зәресін ұшырды

Оралда биікте терезе сүрткен бала жұрттың зәресін ұшырды

Оралда 7-ші қабаттағы пәтердің терезесін сүрткен балақай жұрттың  зәре-құтын қашырды. 10 жасар жеткіншекті биіктен «құлап кете ме» деп қауіптенген тұрғындар полицейлердің мән-жайды анықтауын талап еткен.   

Видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен бұл жағдай Мөнкеұлы көшесіндегі №120 үйде болыпты. Жұрт баласын құлап кету қаупі бар терезеге шығарған ата-ананы кінәлауда. Осыдан бір апта бұрын ғана 4 жасар бала терезеден құлап өлгенін де айтып өткен. Ғаламторда оқыс оқиғаның құрбаны бола ма деп қорыққандардың қарасы көбейген соң, істі полицейлер қолына алды. Жасөспірімнің анасы ұлының төрт қабырғаға қамалып, көңілі далаға ауғаннан емес, терезенің сыртқы әйнегін сүртуге шыққанын айтып ақталды.   

Болатбек Белгебеков, БҚО ПД ресми өкілі:

- Учаскелік полиция инпектор бұл мәселе бойынша кәмелетке толмағанның ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Кәмелетке толмағанның бұдан былай тәртіп бұзушылық жасамауы туралы ескертілді. Ата-анасының айтуына қарағанда, 2010 жылғы балалары үйдің терезесін жумақшы болған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде