{metadescription}
Ақтөбенің мектеп-гимназиясында мұғалім тапшы   
Ақтөбенің мектеп-гимназиясында мұғалім тапшы   

Ақтөбенің мектеп-гимназиясында мұғалім тапшы   

Ақтөбеде ата-аналар мектеп-гимназиядағы балаларына кезекші сынып ашуды талап етті. Өңірдегі білдей білім ошағының мұндай әдістен бас тартуы көпшіліктің ашуын туғызған. Себебі, олар әу баста осы жөнінде арыз жазып, ұл-қыздары жаңа оқу жылын мектеп партасына отырудан бастайды деген сенімде болыпты. Алайда жеме-жемге келгенде, оқу ошағының жаңа білім беру стандартына сай еместігі білініп отыр.  

Қаладағы ең мақтаулы гимназия. Ата-аналар ұл-қызын білім нәрімен сусындатуға осында беруге асығады. Алайда таңдаулы, һәм үздік оқу орны көптің көңілін күпті етті. Білім ошағы жаңа оқу стандартын қолданудан бас тартыпты – кезекші сынып ашуды қажет емес деп тапқан. Ал бұл жайында жұртшылық тек оқу маусымы басталарда бір-ақ білген.    

Бибіжар Мұратова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Кезекші сыныптың болмағаны қиын болды. Таңертеңнен бала өзімен-өзі ойнап отыр. Еш нәрсе түсінбейді. Себебі, насы телефон арқылы кіре алмай отыр. Кіргенде барлық тақырыбын түсінді, баламызға түсіндіріп жатыр, бірақ мұғалімге байланысқа шыға алмады.   

Наразы топ: «Онлайн оқу арқылы сауатсыз ұрпақ өсіреміз бе?» деп алаңдайды. Тым құрығанда аптасына үш мәрте келетін  кезекші сынып болсын деген талап қойды. Ал мектеп директоры жағдайға кадр тапшылығы себеп деп ақталды – педагогтардың жетіспеуінен кезекші сынып ашуға мүмкіндік болмаған.

Амангелді Оңғарбаев, №17 мектеп-гимназияның директоры:

- Екі педагог жұмыс істеп жатыр. Олар бір жағынан педагог, бір жағынан әкімші. Жеті мұғалім бізде екі сыныптан алып тұр.

- Маман тапшылығына не себеп?

- Жұбанов университеті және колледж мамандар шығармайды.  

Директор бұл аумақта интернеттің әлсіз жұмыс істеуі де жығылған үстіне жұдырық дейді. Бірақ білім ошағының басшысы жұрттың талабын орындауға уәде етті. Оның айтуынша, екінші тоқсанда кезекші сыныптар ашылуы мүмкін. Ол үшін білім бөлімі жас мамандарды іздестіріп жатыр екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде