{metadescription}
Жауапты хатшылар 685-830 мың айлық алып отырған   
Жауапты хатшылар 685-830 мың айлық алып отырған   

Жауапты хатшылар 685-830 мың айлық алып отырған   

685 мыңнан 830 мыңға дейін. Тоқаев сынаған жауапты хатшылардың бір айлығы осыншама теңгені құрайды. Ал сол жауапты хатшылар институты еліміздегі 15 министрлікте жұмыс істейді екен.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

Министрліктегі жауапты хатшының жалақысы бүгінде орташа есеппен 685 мың теңгені құрайды. Жалпы, еңбекақы әркімде әртүрлі, еңбек өтіліне байланысты, 815-830 мың теңгеге дейін барады. Бүгінде мемлекет басшысының берген тапсырмасы күн тәртібінде тұр. Жақын күндері нақты шешім шығарылады.

1-қыркүйекте ел халқына арнаған жолдауында президент жауапты хатшылардың жұмысын сынға алып, оларды қысқартуды тапсырған. Тоқаев сол кезде министрліктің жұмысына тікелей министр жауап беруі керектігін айтқан. Енді заңға сәйкес, жарты миллионнан астам жалақысы бар жауапты хатшылардың орнын министрліктердегі аппарат жетекшілері басады. Ал жұмыстан босатылған шенеуніктердің тағдырын министрлердің өзі шешуі тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде