{metadescription}
Бюджет 1 триллион 600 миллиардтан қағылды
Бюджет 1 триллион 600 миллиардтан қағылды

Бюджет 1 триллион 600 миллиардтан қағылды

Бюджет биыл 1 триллион 600 миллард теңгеден қағылды. Жыл басынан бері мұнайдан түсетін табыс жоспарлы межеге осынша жетпей қалған. Қара алтынның өндірісіне коронавирус пандемиясы кері әсер етіпті. Ал Қазақстанның қазынасын негізінен осы сала толтырып отырғаны баршаға аян.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Мұнай саласы бойынша, ағымдағы жылдың сегіз айдың қорытындысы бойынша мұнай саласынан келетін түсім былтырмен салыстырғанда 46%-ке немесе 1,6 триллион теңгеге азайды. Соның ішінде мұнайды экспорттауға кеден бажының көлемі 350 миллиард теңгеге кем болды, былтырғы жылмен салыстырғанда.

Қазір Қазақстан пандемияға байланысты ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін азайту туралы келісімін орындап отыр. Бұл да біздің өндіріске едәуір салқынын тигізген. Мәселен, мұнайшылар өндірісті шілде айында 23 пайызға азайтса, тамыз-қыркүйекте 21, ал қазан-желтоқсанда 18 пайызға төмендетпек. Жыл соңында қара алтын өндірудің жалпы көлемі 86 миллион тоннаны құрауы тиіс. Дегенмен, үкімет мұнайдан гөрі, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және туризм салаларына басымдық беріп отыр. Экономиканы тұрақтандыру үшін де кешенді жоспар дайындап жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.