{metadescription}
Жапонияда бір жарым миллионнан астам адам эвакуацияланды
Жапонияда бір жарым миллионнан астам адам эвакуацияланды

Жапонияда бір жарым миллионнан астам адам эвакуацияланды

Табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұрар қауқар жоқ. Жапонияда бір жарым миллионнан астам адамды эвакуациялау туралы дабыл қағылды. Себебі, «Хайшен» атты тайфун жақын қалған.

Тайфун бірінші Цусима қаласынан 110 шақырым жерде басталыпты. Желдің жылдамдығы сағатына 155 шақырымнан асып түседі. Қазірдің өзінде дауылдың екпінінен талдар шайқалып, өзен-көлдер ернеуінен асып жатыр. Елдің 11 өңіріндегі 6 млн-нан астам тұрғын шұғыл көшу туралы хабарлама алды. Кюсю аралында 32 адам «Хайшеннің» кесірінен жарақат алса, сол жақтағы 500 мың үй жарықсыз қалды. Бүгін 580 ішкі әуе рейсі мен пойыз қозғалысы толығымен тоқтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде