{metadescription}
Түркістан облысы: Жұртты қан қақсатқан барымташылар ұсталды
Түркістан облысы: Жұртты қан қақсатқан барымташылар ұсталды

Түркістан облысы: Жұртты қан қақсатқан барымташылар ұсталды

Түркістан облысында жұртты екі жылдан бері қан қақсатып келген барымташылар ұсталды. Ұрылар жылқы мен сиырды жайылым түгілі, қорадан әкетіп жүрген. 

Жайшыбек Тотаев, жәбірленуші:

- 23-наурызда түнде темірді бұза алмай, бұза алмастан артынан дуалды бұзып, атымды ұрлап кеткен. Таңертең 102-ге хабарластым.

Ұрылардың кесірінен Сарыағаш, Төле би, Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек пен Ордабасының жұрты жайылымдағы жылқысы түгілі, қорадағы ірі қарасынан көз алмайтын болған. Алты ауданның халқы полицейлерге жаппай жаза берген соң, қылмыскерлерді табуға облыстық полицияның тіс қаққан із кесушілері кірісіпті. Күнгейдегі әр мал базары күдік тудырған әр қораны «тексеріп шықтық дегендер», ақыры барымташылардың соңына түскен. Сөйтіп екі бірдей қылмыстық топты құрықталды. Бес адам мал ұрлап, көлікке тиеп әкетіп отырса, екінші топ сойып, сатумен айналысқан. Қамауға алынған 8 күдіктінің 5-уі бұрын да мал ұрлап сотталған екен. Келтірген шығын – 40 миллион теңге. 42 жылқыны иесіне қайтарған полицейлер ұсталғандардың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде