Оралда өзендегі шайынды су жұртты дүрліктірді
Оралда ықтар өзенге аққан шайынды суды байқап, дабыл қақты.
Автор: Мақсат Мәлік
07.09.2020
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әлдебір құбырдан Жайыққа құйылған су өзенді әп-сәтте лайлап тастаған. Ал елді дүрліктірген лай тұнба жергілікті су арнасы мекемесінің тазарту қондырғысынан шығыпты.
Жайықтың экологиялық жағдайы алаңдатқан тұрғындар судың ластануынан қауіптеніп, тіпті өзенге кәріз суы ағып жатуы мүмкін деген болжам айтуда. Алайда жауапты компания өкілдері «кәріз суы өзенге аққан жоқ» деп, бет бақтыратын емес. Өйткені дәл осы жерде су тазартатын қондырғы бар. Мұнда қаланы сумен қамтамыз ету үшін өзеннен қажетті су алынады. Ал тіршілік нәрі сүзгіден өткен соң, топырақ пен лай сазды қайтадан өзенге ағызып жібереді екен. Десе де компания тарапы суды екінші мәрте сүзгіден өткізетін жобаға 10 жылдан бері қолы жетпей келгенін айтады. Себебі, жобаны жүзеге асыруға қаражат жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!