{metadescription}
Алматы: Шатырда дискотека ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Алматы: Шатырда дискотека ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Алматы: Шатырда дискотека ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Алматыдағы көп қабатты тұрғын үйдің шатыры би алаңына айналған. Айналаны жаңғыртқан дауыс пәтердегі тұрғындардың түн ұйқысын төрт бөліп, мазасын қашырыпты.

Төбедегілердің делебесін диджейдің әуені қоздырғандай. Жастардан бөлек, баласын құшақтаған ана да жүр ортада. Түрлі түсті жарықпен көмкерілген алаңның бір қарағанда кәдіуілгі түнгі клубтан айырмашылығы жоқ. Мұндай шудан қажыған үй тұрғындары полицияға шағымданған. Оқиға орнына жеткен сақшылар шашылған бөтелкелерге қарап-ақ, болған жайды бағамдады. Түн тыныштығын бұзғандарға айыппұл салынды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Кешке тексеру барысында бардың ішінде азаматтар анықталып, олардың әрқайсысы әкімшілік кодекстің екі бірдей бабымен әкімшілік жауапқа тартылды. КСК-ның өкілдерімен бірлесе отырып, бұл шатырға кіру есігі жабылған. Тек қажетті жағдайда ғана КСК ның өкілдерімен ашылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде