{metadescription}
Павлодар: Ойын алаңқайында ер адамның денесі табылды
Павлодар: Ойын алаңқайында ер адамның денесі табылды

Павлодар: Ойын алаңқайында ер адамның денесі табылды

Павлодарда 30 жастағы азаматтың денесі табылды. Бұл жағдай қала тұрғындарын дүрліктіріп жіберді. Себебі, кісінің мәйіті көп қабатты үй ауласындағы балалар ойнайтын алаңда жатқан.

Қимылсыз жатқан денені түн жарымда ең алғаш осы маңның тұрғындары байқаған. Тәртіп сақшылары мен жедел жәрдемге хабар беріпті. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенше, белгісіз адам жан тапсырып үлгерген дейді. «Көп қан кетіп өлген» деген болжам айтылды. Себебі, марқұмның екі жерінде дене жарақаты бар. Ал оған кім өткір зат сұғып алғаны әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылары тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. Белгілісі, адам өлтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ирина Мищенко, Павлодар облыстық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары:

Біздің жедел жәрдем бригадасы небәрі төрт минутта оқиға орнына жетті. Алайда бұл кезде белгісіз адам жан тапсырған. Марқұмның кеудесі мен ішіне өткір зат кірген. Содан көп қан жоғалтқан деп ойлаймын. Дегенмен нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде