{metadescription}
«Еңбек-Өскемен» басшысы қамауға алынды
«Еңбек-Өскемен» басшысы қамауға алынды

«Еңбек-Өскемен» басшысы қамауға алынды

Шығыс Қазақстан облысында «Еңбек-Өскемен» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мәліметі бойынша, ол шілде және тамыз аралығында бірқатар кәсіпкерлердің келісім-шартына және орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойған. Мекеме басшысы кәсіпкерлерге осындай жолмен қаржы аударғаны үшін пара алған көрінеді. Ол жалпы көлемі 10 млн теңгені қалтаға басты деген күдік бар. Қазір қамқор басшы абақтыға тоғытылды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Енді сот алдында жауап беретін болады.

Жігер Байділдин, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Лауазымды тұлғаға қатысты тергеу соты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда. Түпкілікті шешім сотпен қабылданатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде