Ақтауда жұмыссыз қалған мұнайшылар биліктен көмек сұрайды
Ақтауда мұнайшылар жұмыс тауып беруді талап етті. Осыдан екі ай бұрын өңірде қара алтын өндіру көлемі азайып, жүзден аса жұмысшы қысқартуға ұшыраған.
Автор: Жаңалық Ахаш
07.09.2020
Содан бері екі қолға бір күрек таппаған мұнайшылар күнара компанияларының есігін бір қағып кетуді әдетке айналдырыпты. Бұл жолы да «М-Техсервис» серікестігінің ғимараты алдына жұмыссыз қалғандар жиналып, наразылық білдірді. Олар компания басшыларынан емес, биліктен көмек сұрап отыр. Өйткені мұнай компаниясынан қайыр жоғын айтады. Ал басшылары шілде айында 125 мұнайшымен арадағы келісім-шартты бұзғанын мойындайды. «Төрт жылдан бері тек мұнай алпауыттарынан тапсырыс түскенде ғана жұмысшыларды уақытша жалға алып отырдық» - деп ақталады. «Мұнайшыларды ұзақ уақытқа жұмысқа алуға ақшамыз жоқ», - дейді. Енді алдағы күндері мұнай өндіруге қайта кірісе ме, жоқ па, ол жағы да әлі белгісіз екен.
Қыдыр Аяғанов, мұнайшы:
- Жігіттердің барлығының талабы – жоғарыдан, үкімет басынан көмек сұрап отыр. Осыған аралассын деп. Ал кеңсе жақта «мына жұмысшылар жұмыссыз қалды» деген олардың ойына кіріп те жүрген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!