Жануарларды және қоршаған ортаны қорғау заңындағы өзгерістер
Қазақстанда дельфинарийлер ақыры жабылады. Белсенділер көтерген бұл мәселе қоғамда қызу талқыға түскен еді. Енді бұл шешім жануарларды қорғау заңнамасына еніп отыр.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
07.09.2020
«Жануарларды және қоршаған ортаны қорғау туралы» заңдағы өзгерістер туралы экология министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Енді парламент отырысында жануарларды қорлағандарды қатаң жауапқа тарту мәселесі талқыланып, заң жүзінде бекітіледі.
Атырау облысындағы азаматтың итке жасаған әлімжеттігі, Ақтауда итбалықты сабағандардың сорақылығы сияқты талай оқиға ел арасында қызу талқыланды. Мұндай тентектерді тезге салатын кез туғанын талай белсенді айтты. Енді жаңа заң қабылданады. Егер қылмыстық және әкімшілік кодекске өзгерістер енгізілсе, жануарларды азаптағандар абақтыға қамалуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластағандардың арқалайтын айыппұлы да өскен.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
- Азаматтарға 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін өседі, яғни екі есеге. Орта бизнес субъектілеріне 75-ке дейін. Ірі бизнес өкілдеріне 70-тен 500 АЕК көрсеткішіне дейін өседі. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс істеп жүрген мамандардың құзыры да артады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!